Тақырып
3. Меншік қатынастары
және олардың
экономикадығы
орны
1.
Меншіктің
экономикалық
және құқықтық
мазмұны.
2.
Меншік
объектілері
және
субъектілері.
3.
Мемлекет
иелігінен
алу және
жекешелендіру:
кезеңдері,
формалары, әдістері,
проблемалары
Қоғамның
шаруашылық өмірін
талдауды қорыта айтқанда,
олардың
элементтері өзара
белгілі бір байланыста бола тұра, қоғамның біртұтастығын, оның
экономикалық ағзасын құрайды. Оның анықтаушы
элементі - өндірістік қатынастар:
яғни өндірістегі, бөлудегі,
айырбастағы және тұтынудағы әрекеттер. Тұтас алғанда өндірістік қатынастардың
негізін өндіріс құрал
– жабдықтарына
меншік қатынасы құрайды. Осы арқылы бүкіл
экономика
іргелі, түбірлі өзгерістерге ұшырайды.
Меншік қатынастары қоғам өмірінде маңызды қызмет атқарады.
Меншік – қоғамның басты
тірегі.
Меншік
деп құқықтық тұрғыда
алғанда- мүлік қатынастарын
айтады. Сол
себепті
мемлекет меншікке құқықтылығы
туралы заңдар шығарып, осы арқылы
иемденуді анықтайды.
Тұрмыстық тұрғыдан алғанда,
меншік – бүкіл
шаруашылық қызметін қамтиды;
пайдалы
игіліктер
мен қызмет көрсетулерді-өндіру,
бөлу,
айырбастау және
тұтыну
жөніндегі
сан-қилы қатынастарды
құрайды.
Меншік-
бұл зат емес,
ол
заттар жөнінде қалыптасқан
қатынастар. Сондықтан
меншік
субъектісі және
объектісі
болады.
Меншік
субъектілердің,
заттардың
пайдалану құқығын
сипаттайды. Меншік
субъектілеріне:
мемлекет,ұжымдар,
жекелеген
адамдар жатады.
Меншік
объектілері:
жер, құрылыстар
мен ғимараттар,
материалдық және
руханият өндіріс
құрал-жабдықтары
мен
оның нәтижелері
жөнінде
адамдар
арасында қалыптасқан
объективтік
қатынастар жүйесі.
Меншік- кең мағыналы
ұғым, ал
иемдену нақты
ұғым, сонымен
иемдену деп
меншікке билік
жүргізудің нақты
қоғамдық тәсілін
айтады.
Қоғамның
әртүрлі даму кезеңдерінде
заттарға қожалық ету, яғни иелік
ету өзгерістерге ұшырап
отырады.
Иелік
етудің ең қарапайым түрлері
– адамдардың өздеріне
материалдық
игіліктерді өндіруге
бейімделу кезеңдерінен
басталады.
Өз
кезегінде,
адамзат қоғамының алғашқы
баспалдағында
адамдар өздері өндірмеген, табиғи дайын байлықтарды
(аң
аулау, балық
аулау, жеміс
– жидек
жинау
және т.б)
иемденді.
Уақыт өте келе, өндірістің пайда болуы және дамуына қарай
иемдену
объектісіне
– тек табиғи ғана байлықтар емес,
одан
басқа
өндіру арқылы жасалған өнімдерде
айналды.
Иемдену әрқашан
белгілі бір тұлғалардың мүддесіне сай жүзеге
асырылады.
Егер де өндіріс
жекелеген
адамдардың мүддесіне сәйкес қызмет етсе,
онда жеке
меншік
(жекеше
иемдену)
пайда
болады.
Егер
де өндіріс
белгілі бір топтардың мүддесіне қызмет
жасаса, онда
ұжымдық
меншік жөнінде айтуға
болады.
Егер
де өндіріс
бүкіл
қоғам
мүддесі үшін қызмет
істесе, онда қоғамдық
иемдену қалыптасады.
Меншік пен
иемденудің өз заңдары
болады.
Олар
екеу. Біріншісі
өз еңбегінің өніміне деген
меншік заңы.
Осыған
сәйкес
иемдену заңы әрекет
етеді: еңбек
– мұндай
иемденудің алғашқы тәсілі.
Бұл заңдар жәй тауар өндірісінде әрекет етеді.
Еңбекке
негізделген жеке
меншіктің
капиталистік
меншікке
айналуы,
меншіктің
бірінші заңының
– басқа адам еңбегінің өніміне деген
меншік заңына ұласуына
байланысты жүзеге асады.
Бұған
сәйкес, басқаша
иемдену заңы әрекет
етеді:
айналыс –
осындай иемденудің
бастапқы тәсілі.
Осы
заң
негізінде
капиталистік тауар өндірісі өмір сүреді.
Сонымен,
меншіктің
бірінші заңы мен
иемденудің
бірінші заңы - өндірушінің өз еңбегінің нәтижесіне және оның өндірілген
өнімге
өзі
иелік
етуіне байланысты әрекет
етеді.
Меншіктің
екінші заңы мен
иемденудің
екінші заңы –
жалдамалы еңбекті
пайдалануға және бұл
еңбектің нәтижесін
айырбастау арқылы,
яғни
айналыс
сферасы арқылы иелік етуге
байланысты әрекет етеді.
Меншік қатынастарынағы өндіріс құрал
– жабдықтарынан
меншік
анықтаушы рөлін
атқарады. Ол өз
кезегінде өндіріс құрал
– жабдықтары мен жұмыс күшін ұштастыру
сипатын
белгілейді.
Осындай ұштастырудың тәсілі мен
сипатына байланысты
экономикалық дәуірлер қалыптасады.
Меншік қатынастары
дегеніміз – меншік
объектілерін пайдалануға,
басқаруға және шешім қабылдауға
байланысты қалыптасатын қатынастардың
жиынтығы болып
табылады. Өндіріс құрал
– жабдығының иесі
жасампаздық қызметпен
айналыспайды делік.
Ол
белгілі бір шарттар болғанша өз
заттарын басқа адамға басқаруға
береді.
Сонда
меншік иесі мен кәсіпкеро
арасында мүлікті
пайдалану қатынастары пайда
болады. Бөтен адам кәсіпкердің
меншігін уақытша басқару,
пайдалану және шешім қабылдаудың заңды құқығына ие
болады.
Мұндай қатынастарға,
мысалы
аренданы, яғни
меншікті басқа адамға
белгілі
мерзімге ақылы түрде
пайдалануға мүмкіндік беру
туралы келісімді жатқызуға
болады.
Дегенмен,
басқару,
пайдалану және шешім қабылдау
- әлі
меншіктің өзі емес.
Олар
меншік жүйесіндегі
категориялар болып
табылады, яғни
меншік
иелері мен
меншікті
пайдаланушылар
арасында
туындаған қатынастарды сипаттайды.
3.2.
Меншіктің түрлері.
Меншіктің түрлі
тарихи қалыптасқан
типтері бар,
олардың
бастылары- жалпы
және жеке
меншік. Жалпы
меншік алғашқы
кезде пайда
болды, ол
ортақ еңбек
ету мен оның
нәтижелерін
бірлесе
отырып
иемденуге
негізделеді.
Кейінірек
жеке меншік
пайда болды.
Ол екі түрге,
яғни еңбекке
негізделген
жеке меншік және
еңбекке
негізделмеген жеке
меншік
болып бөлінеді.
Еңбекке
негізделген
жеке
меншіктің
субъектілеріне
– жеке дара қызметпен
айналысатын
адамдар,
шаруалар, фермерлер,қолөнершілер
және өз еңбегімен
өмір сүріп
жатқан
азаматтар
жатады.
Жеке
меншіктің
екінші түріне
– бөтеннің еңбегі
есебінен дәулет
жинайтындар
жатады. Өндіріс құрал-жабдықтарының көпшілігі,
ат төбеліндей,
адамдардың қолына
шоғырланса,
онда бұл қоғамның қалған
бөлігі мұндай
игіліктерден
шеттетіледі.
Осыған орай,
адамдар
арасында мүлікке
байланысты теңсіздік
пен қоғамның
жіктелуі
пайда болады.
Сонымен
бірге
иемденудің үшінші түрі- аралас
меншік пайда
болды, оның мүлігі қатысушыларының ақша қаражаттарынан және басқалай
жарналарынан
құралады. Қазақстан
Республикасында қабылданған
Заңдарға сәйкес
– жеке
меншік,
мемлекеттік меншік,
муниципалды және
басқа
меншік
формалары орнығуда.
Мемлекеттік
меншік
дегеніміз – меншік
объектілерін
басқару
мен
шешімдер қабылдауды үкіметтің өкілетті өкілдері жүзеге
асыратын жағдайда қалыптасқан
экономикалық қатынастар жүйесі болып
табылады.
Мемлекеттік
меншік – бүкіл халық
шаруашылығы деңгейінде
(республикалық),
облыс
деңгейінде (коммуналды),
аудан мен қала
деңгейінде
(муниципалды
) қалыптасады.
Ұжымдық
меншік деп еңбек ұжымының өндіріс құрал-жабдықтары
мен өнімдерді
бірлесіп басқару,
пайдалану және
шешімдер қабылдау
барысында қалыптасқан
экономикалық қатынастар
жүйесін
айтады. Қазақстандағы ұжымдық
меншіктің түрлеріне
–
коопиративтік
және
акционерлік
меншік, еңбек ұжымдары мен қоғамдық ұйымдардың
меншіктері
жатады.
Нарықтық қатынастарға көшуге
байланысты ғылыми әдебиеттерде,
баспасөз
беттерінде қоғамдық
меншікті
даттап, жеке
меншікті мақтау жиі ұшырасады.
Меншіктің бір түрін,
екіншісіне қарама-қарсы қойып,
біреуіне
монополиялық айдар тағудың неге соқтыратынын өмір өзі көрсетті.
Осымен
байланысты айтарымыз,
біріншіден,
меншіктің қай
түрінің қалыптасуы,
дамуы немесе
жойылып
тарихи аренадан
кетуі
адамдардың
таңдауы
бойынша емес,
өндірістің
белгілі бір
тарихи даму дәрежесімен
байланысты
объективті
туындайды,
екіншіден,
шындығына
келгенде, қоғамның
дамуында, оның
бір
экономикалық
жүйеден
екіншісіне
ауысу кезеңінде
меншіктің көп
түрлі
формаларының
әрекет етуі әбден
заңды. Оның үстіне
әлемде ешбір
елде
меншіктің
бір түрі таза
классикалық түрде әрекет
етпейді.
Барлық
елдердің
экономикасында
да біз жоғарыда
атап өткен
меншіктің
бірнеше түрлері
әр қилы ара қатынаспен орын
алады.
3.3.
Жекешелендіру
мен мемлекет
иелігінен алу.
Нарықтық
қатынасқа көшу
меншіктің көптүрлілігін
қажет етеді.
Бұл тұжырым
мынадан
туындайды:
шаруашылық
иелері нарықта өз жұмыстарына
өздері жауап
беретіндей,
соған
әрдайым мүдделі,
жұмыс
нәтижесін толық
иеленетіндей болуы керек.
Осыған
байланысты
нарықта
ресурс
иелері
бір орталықтан
мемлекеттің басқару
қызметінен
босатылып, көп түрлі
меншік
басқару түріне көшу бүгінгі
күн
талабы.
Меншіктің түрлерінің өзгеріп,
ауысуы
иемденуге
байланысты
экономикалық
қатынастарды өзгертеді.
Бұл
процесс
негізінен
мемлекет
иелігінен
алу мен
жекешелендірудің
әрқилы түрлерімен
жүргізіледі.
Бұл процесс өте күрделі.
Себебі,
біріншіден
мемлекет
иелігінен
алуды меншік
иесін
ауыстырмай, тек
орталықтан
басқаруды өзгерту
жолымен жүргізуге
де болады.
Дегенмен түбінде
меншік қатынасын
алмастыруды
күн тәртібіне
қояры сөзсіз.
Мысалы,
аренда
кезінде
негізгі қорлар
иесі өзгермейді,
алайда оның өніміне,
айналым қорларына
арендатор
иелік
етеді, осымен
байланысты
меншік қатынасы
да өзгеше
сипатқа ие
болады. Ал,
аренда
кезінде
сатып алу – бұл
жекешелендіруді
көрсетеді.
Ал,
мына жағдайда,
яғни
мемлекеттік
кәсіпорынды
акционерлік қоғамға
айналдырғанда бүкіл
акциялар мен
бақылау
пакеті
мемлекет
меншігінде қалады.
Осы екі жағдайдың
екеуінде де
мемлекеттік
органдар
тікелей әкімшілік
басқару қызметінен
айырылады.
Жекешелендірудің
ең қарапайым
түрі-өнім шығаратын
кәсіпорынды / өндірістік
кешен
ретінде /
сату. Бұл жағдайда
сатып алушы
толық меншік
иесі болады.
Ал, екінші
бір қарапайым
формасы – кәсіпорын
мүліктерін түгелімен
бөліп беру
жолы.
Ал,
бұлардың күрделі
формасы -
мемлекеттік
кәсіпорындарды
акционерлік қоғамға
және
жауапкершілігі
шектеулі қоғамға
/ серіктестікке/
айналдыру.
Жекешелендірудің
субъектісі жек тұлғалы
мағынада
жеке
азаматтар,
заңды
тұлғалы мағынада-
кәсіпорындар,
ұйымдар.
Бірінші жағдайда
мемлекет
меншігі жеке
меншікке ауысады.
Ал, дамыған
елдерде мұндай жеке
меншік
негізгі өндірістік қорлардың
5-13 пайызын құрайды.
Ал,
акционерлік
меншік көп үлеске
ие болып
отыр. Өйткені
оның
иелігінде мүліктердің басым көпшілігі
ауысады.
Жекешелендіру субъектісі
еңбек ұжымы
болуы да мүмкін.
Мұндай жағдайда қазіргі әйгілі
ұжымдық /
халықтық / кәсіпорын
идеясы орын
алады.
Мемлекет
иелігінен алу
мен жекешелендірудің
объектілері
–
мемлекеттік
мүлік, оның
ішінде өндірістік,
материалдық
айналым қорлары,
мемлекеттік
кәсіпорынның
қаржы активі,
тұрғын үй қоры
және т.б.
Сонымен,
мемлекет
иелігінен
алу мен
жекешелендіру
бағдарламасын
жүзеге асыруға
байланысты
мемлекеттік
меншіктің
басым көпшілігі
жаңа
субъектілерге
көшіп, сөйтіп
ресурстарды
пайдалану
мен ұдайы өндірудің
экономикалық
тиімділігі
мен әлеуметтік
/ теңқұқылылығын
/ әділеттілікте
ұштастыратын
болады.
Елімізде
жекешелендіру кеңінен
етек алып,
оны
іске асыру
механизмі 1991
жылы қабылданған
жекешелендіру
туралы Заңда
белгіленіп және
басты
жолдары көрсетілген.
1.
Жекешелендірудің
үш түрі: кәсіпорындарды
аукционда және
конкурстар
бойынша сату,
оларды
акционерлік қоғамдарға
айналдыру
белгіленген.
2.
Мемлекеттік
мекемелер,яғни
мүлік жөніндегі
комитеттер құрылды.
Олар –
жекешелендіруге
байланысты жоспарлар
мен
шараларды
дайындап, кәсіпорындарды
аукциондарда
сату және олардың
акцияларын
сату қызметін
ұйымдастырумен
айналысатын
болды.
3.
Жекешелендіру
объектілері
мен
олардың ақшалай
бағалары анықталды.
Мүліктің құнын
белгілеуге
зор мән
берілді.
Кәсіпорындарды
негізгі өндірістік
қорларының қалдық
құны бойынша
бағалау
туралы
шешімдер қабылданды.
Шындықты
тура айта
кеткен жөн,
жекешелендіру
туралы заңды
жүзеге асыру
барысында, қоғамда
әлеуметтік қайшылықтар
күшейді, сол
себепті ол заң
көп сынға ұшырады.
Жекешелендіру
– кең мағыналы
процестің –
экономиканы
иелікке берудің
бір тармағы.
Иелікке
беру деп өндірісті
бірыңғай
мемлекеттік-директивалық
жолмен басқарудан
оны түбегейлі нарық
механизмі арқылы
реттеуге көшуді
айтады.
Иелікке
беру
нәтижелері:
біріншіден, қоғамдық
меншіктің үлесі
азайып,
меншіктің құрылымы
өзгерді және
ол жеке
меншік
пайдасына
шешілді.
Екіншіден,
мемлекеттің
рөлі мен қызметтері
өзгеріске ұшырады:
мемлекет бұрынғыдай
шаруашылық
субъектісі
болудан қалды,
ол
экономикалық
процестерді
директивалар
арқылы емес,
оны
елде тарихи қалыптасқан
экономикалық
жағдайларды
жаңарту
жолымен
реттейтін
болды:
міндетті
мемлекеттік
тапсырмалардың
орнына
мемлекеттік
сатып алу жүйесі
жетекшілікке
алынды;
ресурстарды бөлу қызметінен
мемлекет бас
тартты;
мемлекеттің сыртқы
экономикалық
қызметке
монополиясы
бірте-бірте
жойыла
бастады.
3.4.
Экономикалық
жүйе:
элементтері
мен типтері
(түрлері).
Қоғамның
экономикалық
жүйесінің
басты
элементтері
мыналар:
Осы
аталып отырған
өндірістік қатынастар,
экономикалық
заңдар мен
мүдделер
экономикалық
жүйенің маңызды
элементтері
ретінде бір-бірімен
тығыз
байланыстылықта
болады, өндіргіш
күштердің
сипатымен, дәрежесі
мен аралық қатынаста
әрекет етеді.
Сонымен,
экономикалық
жүйе
дегеніміз –
материалдық
игіліктер
мен
қызмет көрсетулерді
өндірушілер
мен тұтынушылар
арасында
ерекше түрде қалыптасқан
байланыстар
жүйесі.
Экономикалық
жүйе көптеген
факторларға
негізделеді.
Оның дамуына
ықпал ететін
факторлар:
-
шарушылық
шешімдерін қабылдау
жөнінде елде қалыптасқан
шаралар жүйесі;
-
меншік
құрылымы;
-
ақпараттар
мен өзара үйлесімділікті
қамтамасыз
ету
механизмі ;
-
мақсаттарды
белгілеу мен
еңбек етуге жұмылдыру
механизмі.
Бұл
факторлар
шаруашылық, әкімшілдік,
ақпараттық
сияқты үш құрылымның
төңірегінде
топтасады.
Шаруашылық
құрылым деп
– шектеулі
ресурстарды
пайдалануға
байланысты
материалдық-техникалық
база
элементтерінің
өзара әрекеттесуін
айтады.
Әкімшілдік
(ұйымдық құрылым)
деп –
шектеулі
ресурстарды
басқаружөніндегі
шаруашылық құрылымдарының
жауапты қызметкерлерінің
міндеттері
мен оларға тән
заңды құқықтық
ережелердің
жиынтығын
айтады.
Ақпараттық құрылым деп –
жоғарыда
айтылған құрылымдардың
қызметтері
туралы дәлелді
мәліметтерді
жинақтау мен
таратуды
айтады.
Бұл құрылымдар
меншік
формасына
байланысты-патриархалды,
ұсақ тауарлы,
мемлекеттік
және т.б.
укладтарды құрайды.
Жекелеген
елде бір
мезгілде бұл
укладтардың
бірнешеуі қатар
өмір сүруі мүмкін.
Осындай жағдай
экономикалық
жүйенің қайшылықтарымен
құбылмалы қозғалыстарын
өмірге әкеледі.
Сонымен, егер
елде
национализация
мен қоғамдастыру
процестері жүзеге
асырылса,
онда
мемлекеттік
меншік күшейеді.
Керісінше,
жеке
меншікке
негізделген
укладтар
алдыңғы
сатта болса,
онда орталықтан
басқару әлсірейді,
яғни бұл
кезде қоғамдастырудан
жекешелендірудің
ықпалы зор
болады.
Қаіргі
заманның
келбеті –
терең тарихи
дамудың нәтижесінде
қалыптасқан,
сан-қилы
экономикалық
жүйелердің
болуымен
сипатталады.
Оларды
жекелеген критерилерде
(белгілерді)
негізге ала
отырып,
топтастыруға
– яғни
классификациялауға
болады. Түрлі
экономистер қоғамның
тарихи даму
процесін өздері
қабылдаған
критерилері
арқылы түсіндіреді,
сол себепті бұл
мәселе жөнінде
пікір-таластар
бар. Осыған
орай,
экономикалық
жүйені
классификациялаудың
кейбір түрлеріне
тоқталайық.
І. Формациялық
көзқарастар
тек маркстік
теорияға тән.
Маркс үш
тармақты
классификацияның
іргетасын қалады.
Ежелгі (көне
замандағы)
формацияға – алғашқы
қауымдық қоғам
мен азиаттық өндіріс
әдісі жатады.
Бұлардың
ішіндегі ең
тартымдысы – азиаттық
өндіріс әдісі.
Оның негізін
– ұжымдық
меншік арқылы
жерге иелік
ететін және үй
шаруашылықтарында
өнеркәсібі қалыптасқан,
егіншілікпен
айналыатын қауым
құрайды, бұл
оларға рынокқа
бармай-ақ
патриархалды
шарушылық шеңберінде
өздеріне қажет
игіліктерді өндіріп,
қажеттіктерін
толық қанағаттандыруға
мүмкіндіктер
жасады.
Табиғатты
кеңінен түбегейлі
меңгеру және
елдің қорғаныс
қабілетін күшейту
үшін, өзара
экономикалық
оқшауланған қауымдардың
мүмкіншіліктерін
біріктіру қажеттігінен,
өз қолдарына әскери
және
эконмикалық
биліктерді
жинақтаған,
патшалы
(деспоттық)
мемлекеттер
пайда болды:
олар жерді өз
меншіктеріне
айналдырып,
рента мен қосымша
құнды және
т.б. иемденді.
Азиаттық өндіріс
көптеген
халықтарда өмір
сүрді, соның
ішінде Азия
елдерінде ол ұзақ
сақталды (20 ғасырдың
бас кезіне
дейін). Оның ұзақ
өмір сүруінің
себебі – диқаншы
қауымда алғашқы
коммунистік
принциптердің
орнауына
байланысты
болды.
Екінші, жеке
меншікке
негізделген құл
иеленуші,
феодализм,
капитализм,
К.Маркс туынды
формация деп
атады.
Үшіншісі,
коммунистік
формация деп
– жеке
меншікті жоюға
негізделген
және екі
сатыдан тұратын,
оның бастапқы
сатысы –
социализм өндіріс
әдісін
айтады.
Формациялық
көзқарастар
экономикалық
жүйелерді
бес өндіріс әдісіне,
яғни, алғашқы
қауымдық, құл
иеленуші,
феодалдық,
капиталистік,
коммунистік
деп жіктеді.
Өндіріс
әдісі дегеніміз
өндіргіш күштер
мен өндірістік
қатынастардың
сипатын қоғамда
үстемдік
етуші өндіріс
құрал-жабдықтарына
меншік
формасы анықтайды.
Мұнда
материалдық өндірістің
даму деңгейіне
баса назар аударылады,
бір сатыдан
екінші сатыға
ұласатын –
жекелеген, әрбір
жүйенің тұрақсыз
болуы, ондағы
өндіріс
тиімділігінің
дәрежесіне
байланысты
болады.
Бұл
көзқарастың
басқа көзқарастар
сияқты
жетістіктері
де және
кемшіліктері
де бар.
Формациялық
теория арқылы
адамзат
тарихы
ретсіз дәлелдеулерден
үйлесімді ғылыми
жүйеге
айналды. Мұндай
көзқарастың өрісі
тар, өйткені
оны тек Батыс
Еуропа
елдерінде қолдануға
болады және
оның
жалпылама маңызы
болмайды.
II. Өркениетті
көзқарастар -
өркениеттің
(цивилизацияның)
сатылап
алмасуына
негізделген
адамзат тарихын
біртұтас
алып
зерттейді.
"Цивилизация"
– латын сөзі
civillis- "азаматтық",
"қоғамдық"
деген мағына
береді. Бұл
термин мәдениеттің
дәрежесі мен
ауқымын
(мысалы,
ежелгі,
азиаттық,
еуропалық)
анықтау үшін
пайдаланылады.
Өркениетті
көзқарастар
жалпы
адамзат
проблемаларының
өзара
байланысы
мен тәуелсіздігінің
күшейе түсу
фактілеріне,
бүкіл
адамзаттың
ортақ мұраларына,
яғни оларды –
ұлттық, таптық
мүдделерден
жоғары бағалауға
негізделеді.
Бұл
теория өз
дамуының алғашқы
баспалдақтарындағы
міндеті- жүйені
құрайтын
белгілерді
іздестіру
болып табылады.
Кейбір
экономистер
осыған
орай
еңбек
өнімділігін
арттырудың жаңа
белестері
ретінде өркениеттік
революцияларды
зерттеуді ұсынады.
Ауылшаруашылығында алғашқы
рет өркениет
революциясы болды (ол
6 – 8 мың
жыл
бұрын
болған). Бұдан кейін өнеркәсіпте болды
(ол 20 ғ.ортасынан
басталады).
Ол халықты адам қажеттіктеріне қызмет көрсететін
сфераларға
(сауда, қызмет көрсету,
транспорт,
білім
беру, ғылым,
мәдениет, басқару және
т.б)
ауыстырады.
Өркениетті көзқарастар басқалармен
салыстырғанда топтық
жанжалдардан аулақ.
Сонымен қатар өркениетті көзқарастармен
шектен тыс әуестенсе,
егер
түрлі
елдер
мен
аймақтардың өз
ерекшеліктері
мен дәстүрлерін
ескермей,
оларды жалпы
схемамен бағаласа,
онда
оның
кемшілігі.
III.Қоғмадық
индустрияның даму деңгейіне
байланысты
классификациялау
негізінде үш
экономикалық жүйе
сараланады:
индустриялы,
постиндустриялы
немесе
неоиндустриялы
(информациялық қоғам).
IV.Өндіріс құрал
– жабдықтарына
меншік
формасына және
шаруашылықты басқару
тәсілдеріне қарай
жіктеу
негізінде экономикалық жүйенің төрт типі
сараланады:
дәстүрлі,
нарықты,
аралас, әкімшіл-
әміршіл.
Экономикалық
мүдделер-
өндірісті
дамытудың, бүкіл
экономикалық жүйенің қозғаушы күші.
Экономикалық мүдделердің маңызды
сипаты – оның
объективтілігі.
Ол
экономикалық қатынас арқылы қалыптасады.
Әр қоғамның
экономикалық қатынастары
ең
алдымен мүдделер
ретінде көрініс алады.
Олай болса
экономикалық мүдделер өндірістік қатынастар
негізінде, ең
алдымен
меншік қатынасы
ретінде даму алады деген сөз. Осы мүдделердің
тікелей,
негізін қоғамның
материалдық жағдайын қалайтын,
осымен
байланысты
адамдар қатынасын
бейнелейтін қоғамдық қажеттіліктер құрайды.
Егер, қажеттілік бір жағынан өндірістің нәтижесі,
екінші бір жағынан оның
ынталандырушы күші десек,
ал мүдделер
тікелей өндірістің
қозғашы күші дер едік.
Қазіргі қоғамның
экономикалық мүдделер жүйесі
мемлекеттің, ұжымның және жеке адам мүдделерін қамтиды. Олай болса мүдделерді нақты
білдіруші – қоғам, әлеуметтік
топтар,
таптар, ұлттар,
аймақтар, өндірістік ұымдар, қоғам мүшелері.
Мүдделер әлеуметтік
–
экономикалық іс – қимылдың
негізгі қозғаушы күші
объективті нақты қатынастарды
сипаттайды.
Оның
сипаты өндірістік қатынастардың
типімен анықталады,
ал
оның
шешуші
элементі
меншік
қатынасы
екенін жоғарыда атап өттік. Дәлірек айтқанда мүдделер
–
экономикалық
прогрестің қуатты қозғаушы күші,
олар
экономикалық
механизмі
"серіппесі".
Сонымен
экономикалық мүдделер
экономикалық жүйенің маңызды
элементі.
Бір қарағанда
экономикалық мүдделер
субъективті,
адамдардың биологиялық табиғатынан
туындайды.
Онда
ол
экономикалық
теорияның пәні
болмас еді. Әрине,
экономикалық қажеттіліктер
адамнан ажырағысыз, одан тыс
орын
алуы
да мүмкін емес.
Бірақ
одан
жеке
бір
адамның
ойынан
туындаған
субъективтік құбылыс деуге
болмайды.
Адамның өмірі,
оның
тұрмысы оның қаеттіліктерін өтеумен тығыз
байланысты.
Тұүтыну үшін, өндіру керек.
Ол үшін өндіріс құрал
– жабдықтару керек.
Олай
болса
өндіріс құрал
– жабдықтары
мен тұтыну
заттарына деген қажеттілік тұрақты
экономикалық қажеттілік болып
табылады. Қоғамдық еңбек бөлінісі жағдайындағы
экономикалық қажеттіліктер қоғамдық
сипатта
болады.
Адам қажеттілігін қанағаттандыру үшін өз еңбегінің өнімін ғана емес,
басқалардың еңбегімен өндірілген өнімдерді де
пайдаланады.
Сондықтан да қажеттіліктер
адамдар арасындағы қатынастарды
сипаттайды.
Экономикалық қажеттіліктер түрінде қалыптасқан өндірістік қатынастар
экономикалық мүдделер түрінде көрініс алады.
Материалдық қажеттіліктерді қанағаттандыру тұрғысынан
туындайтын
экономикалық мүдде
адамдардан
белгілі бір іс – қимылды талап етеді,
шаруашылық ісінің
ынталандырушысы,
экономикалық
механизмді қозғалысқа қосатын
серіппе.
Адамдардың мүдделері, олардың қажеттіліктері сияқты қозғалыста,
сандық
және
сапалық өзгерісте
болады.
Экономиканың,
мәдениеттің даму дәрежесі жоғары болған сайын,
адамдардың мүдделері де әр түрлі
болады. Әртүрлі әлеуметтік
топтардың,
таптардың, жеке
адамның экономикалық мүдделері
бірдей емес.
Ол
олардың қоғамдағы жайы,
экономикалық жүйедегі
орнымен,
меншік
қатынасымен
анықталады.
Экономикалық мүдделердің құрылымы күрделі.
Өйткені, мүддені
білдіретін адам әрі жеке дара, әрі ұжым өкілі, әрі бүкіл қоғам өкілі қызметін атқарады.
Осы тұрғыдан қарастырғанда жеке, ұжымдық және қоғамдық мүдделер деп бөлуге
болады. Әрбір
экономикалық мүдденің
дербестігі де,
ерекшелігі
де
бар. Олар бір –
біріне
сәйкес
келмеуі де мүмкін.
Олардың
арасында алшақтық,
қайшылық, дау
– дамайлар орын алады.
Ол түсінікті де, өйткені
кішігірім шағын өндірушілердің
жалдамалы жұмысшының
меншік
иесінің жеке талғамдары мен
талабының әрқилылығы,
олардың мүдделерінің де әртүрлі
болатындығын көрсетеді.
Қайшылықтардың басын
экономикадан,
оның
терең
қатпарларынан іздеу керек: өндіргіш күштердің жайы мен дәрежесінен,
меншіктің әртүрлі
формаларынан,
әртүрлі еңбектің әлеуметтік
–
экономикалық
салдарынан қарастырған жөн.
Мүдделер
арасындағы қайшылықтарды шешу әдісі әртүрлі,
ол
экономикалық
жүйенің
ерекшелігімен
сипатталады.
Атап айтқанда:
1)
экономикалық ықпал ету
жолымен еңбек ақы
формасын өзгерту,
акцияларды жұмысшыларға сату т.б.; 2)
моралды ынталандыру;
3) экономикалық мүдделерге әлеуметтік
саясатты өзгерту арқылы ықпал ету т.б.
Сұрақтар:
1.Меншіктің
экономикалық
және құқықтық
мазмұны
2.Меншік
түрлері және Қазақстанда
әртүрлі
меншік
нысандарына
көшуі
Әдебиеттер:
1.
Осипов
М.
Экономикалық
теория
негiздерi.
-Алматы, 2002
2.
Райымқұлұлы
С.
Экономикалық
теория
негіздері.
Шымкент, ОҚМУ,
2005 ж.
3.
Нарықтық
экономиканың
негіздері: Оқу
құралы / Б.Жүнісов,
Ұ.Мамбетов,
У.Байжомартов.
– Алматы:
Респ. баспа
каб., 1994.
4.
Экономикалық теория негіздері: Оқулық / Я.Ә. Әубәкіров және т.б. Алматы «Санат» 1998 ж.
5.
Мәдешев
Б. Нарықтық
экономика
теориясына
кіріспе: Оқу құралы.
Алматы:
Экономика, 1995.